Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі наурыздан бастап беріледі

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі наурыздан бастап беріледі

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі наурыздан бастап беріледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі 1 наурыздан бастап берілетін болды, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісінде айтарлықтай өзгерістер бар. Былтыр қараша айында жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап берілетіні жарияланған еді. Алайда жақында ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрығы әзірленіп, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін беру мерзімі 2020 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері беріліп жатыр. Тоқтата тұру туралы бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік назарына ұсынылған. Онда қоғамдық талқылаудың мерзімі 22 қаңтарға дейін белгіленген.