7 Желтоқсан, 14:35 662 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Боранда жолда қалғандар көп

Ақмола облысында түнде боранда жолда қалған 92 адам құтқарылды, оның 4-уі бала, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметі бойынша, боранның салдарынан Атбасар ауданы аумағында желтоқсанның 6-да түнгі сағат 22:05-те «Алматы-Екатеринбор» тасжолының бойында «Нұр-Сұлтан - Державинск» және «Нұр-Сұлтан - Рудный» бағытымен жүріп келе жатқан «Вольво» жəне «Setra» автобустары жолда қалған. «Құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Екі автобуста болған 20 жолаушы (оның 2-уі бала) құтқарылып, Атбасар қаласындағы мектеп интернатына уақытша жайғастырылды», – дейді ведомстводан. Ал, сол күні сағат 22-30 өңірдегі барлық бағыттағы автокөлік жолдарының жабық болуына байланысты «Көкшетау-Атбасар» тасжолының бойында 5 жеңіл көліктегі 12 адам Полтавка орта мектебіне жеткізілді. Сонымен қатар, жолдардың жабық болуына байланысты желтоқсанның 7-де түнгі сағат 00:05 Көкшетау қаласынан 17 шақырым қашықтықта «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолынан «Setra» автобусы қауіпсіз жерге жеткізілді. «Сургут-Шымкент» бағытындағы «Setra» автобусында 69 адам жолаушы болды. Оның 2-уі бала. Олардың барлығы жылыту орнына жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендері жоқ», – деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар