6 Желтоқсан, 18:48 887 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қытайдағы құпия лагерьде не болып жатыр?

Жуырда АҚШ конгресмендері Қытайдағы мұсылмандар мен этникалық ұлттарға қатысты саясатын айыптайтын заң жобасын талқылады.

Қытай билігі АҚШ конгресмендері Қытайдың ішкі мәселесіне араласты деп санайды. Шыңжаң провинциясында мұсылмандарды «қайта тәрбиелеу» лагерьлері бар Қытай саясатын бұрмалады деп айыптайды.

Осыдан соң ВВС агенттігінің тілшісі Джон Садуорт «Қытай лагерьлерінде мұсылмандарды қалай тәрбиелейді?» деп зерттеу жүргізген.

ВВС агенттігінің тілшісі Джон Садуорт Қытайдағы «қайта тәрбиелеу» лагерьлеріне барғанымен, ол жерді фото, видеоға түсіру мүмкін болмағанын айтады. Тек ресми рұқсат етілген басшылардың пікірін алуға ғана мүмкін болған.

ВВС агенттігінің тілшісі Джон Садуорттың мақаласында Қытайдағы ұйғырларға қандай тыйымдар салынғанын айтады.

Шыңжаңдағы мұсылмандар құқығының бұзылуы америкалық заң жобасында егжей-тегжейлі сипатталған, олардың ішінде:

  • Бейне және электронды құралдардың көмегімен кешенді бақылау;
  • Балалардан ДНҚ жинау;
  • Провинциядағы адамдар қаншалықты жиі намаз оқитыны және қайда баратындығы туралы ақпарат жинау үшін бетті және дауысты тану бағдарламаларын заңсыз пайдалану.

Ал ресми Қытайдың билігі, оның ішінде, Сыртқы істер министрлігі «Үкіметтің Шыңжаңдағы нәтижелі жұмысының арқасында кейінгі үш жылда бірде-бір лаңкестік оқиға болған жоқ», – дейді.

Тілшінің зерттеуінше, лагерьлерде құқықтық пәндерді, еңбек дағдыларын және қытай тілін үйрету арқылы экстремизммен күресеміз көрсетіледі екен.

Би-Би-Си агенттігі Қытайдағы «қайта тәрбиелеу» лагерьлері туралы хабар таратқаннан кейін, Лондондағы Қытай елшісі өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, бұл хабарды жалған деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар