5 Желтоқсан, 07:49 434 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Мемлекет басшысы «Немецкая волнаға»  сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді.

Мемлекет басшысы канцлер Ангела Мерке­ль­мен жүргізетін алдағы келіссөздер, екіжақты қа­рым-қатынастардың ахуалы жөнінде айтты.

– Германия – Қазақстанның негізгі еуропа­лық серіктесі. Германияның Орталық Азия елде­рімен жасайтын сауда-саттығының 86 пайызы Қа­зақстанға тиесілі. Сапар барысында құны ша­мамен екі миллиард доллар болатын келісімдер мен меморандумға қол қойылады деп үміт­тенемін.

Жалпы, Қазақстан мен Еуропалық одақтың қа­рым-қатынастары өте жақсы. 2018 жылы Қазақстанның Еуроодақпен жасаған сауда кө­лемі 37 миллиард доллардан асты. Бұл – еліміздің бү­кіл сыртқы сауда айналымының жартысы. Біз­дің экономикамызға салынған Германия ин­вестициясының 80 пайыздан астамы шикізат емес секторға тиесілі. Бұл өте маңызды.

Германия машина жасау, ресурстық ма­териал­дарды өңдеу және басқа да салалар бойын­ша әлемдік көшбасшы саналады. Сон­дықтан біз бұл елмен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Барлық мүдделі салаларды әлеуеті зор неміс инвесторларына ұсынатын боламыз. Сонымен қатар оларға ерекше жағдай жасап, он шақты арнайы экономикалық аймағымыздан орын береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның ішкі саясатына қатысты да бірқатар мәселе сөз болды. Атап айтқанда, саяси жүйе және экономикалық құрылыс моделінің – ресейлік пе, әлде, еуропалық па, қайсысы еліміз үшін жақын деген мәселеге Қасым-Жомарт Кемелұлы өзіміздің қазақстандық үлгіге бейім­ділік танытатынын айтты.

– Біз өзіміздің үлгіні жасауға тырысамыз. Де­мократияны дамытуға ұмтыламыз. Айтпақшы, кейбір журналистердің әртүрлі пікірлеріне қарамастан, Қазақстанда демократия бар. Еліміз­де біз қолдау көрсетіп отырған 3 500-ден астам үкі­меттік емес ұйым жұмыс істейді. Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесіне белгілі журналистер, қо­ғам қайраткерлері, блогерлер, экономистер енген. Мен олармен үнемі ақылдасып, кеңесіп оты­ра­мын. Дoing business (бизнес жүргізуге қо­лайлы жағдай жасау сапасын анықтайтын Бү­кіләлем­дік банк индексі) көрсеткіші бойынша Қа­зақ­стан әлемде 25-орында. Бұл коэффициент бойын­ша Ресейден алда тұрмыз, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің сыртқы саяси бағдарының басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар