1 Желтоқсан, 14:26 188 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

"Менің Тұңғыш Президентім!": Алматылық оқушылар эссе жазудан жарысты

Алматылық оқушылар "Менің Тұңғыш Президентім!" тақырыбында эссе жазудан жарысты. Nur Otan партиясының Медеу аудандық филиалы ұйымдастырған сайысқа 5 пен 11 сынып аралығында 200 шақты адам қатысқан. Дегенмен, тәуелсіз сарапшылар 18 жұмысты үздік деп таныды.

Жеңімпаздарды марапаттау Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты ғимаратында өтті, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Ал байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – Тәуелсіз  Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі мен ерен еңбегін жастарға кеңірек насихаттау.

«Бұл біздің тарихымыз бен болашағымыз үшін өте маңызды шараның бірі. Сондықтан алда аталмыш мәрені жылда байқау ретінде өткізіп отыратындай жағдай жасаймыз», - деді Nur Otan партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов.

«Жалпы эссенің толықтай құрылымын жасау өте қиынға соқты. Себебі, біздің Елбасымыз жасаған көптеген әлеуметтік жобалар бар. Сонымен қатар, Назарбаевтың өмірбаяны өте қызықты, бір параққа сидыру қиын болды», - деді Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мадияр Молдабаев.

Соңғы жаңалықтар