27 Қараша, 10:52 244 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Нұр-сұлтанға «Манчестер Юнайтед» ойыншылары келді

Елордаға ағылшынның  атақты «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншылары келіп жетті.  Уле-Гуннар Сульшер шәкірттері ертең «Астанамен» ойнайды. 

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне күні бұрын жолдама алған қонақтар бұл матчқа жастары мен қосалқы құрамын әкеліпті. Қазақстан астанасына келген 18 футболшының тек сегізі ғана негізгі команда сапында бірді-екілі кездесулерге қатысқан. Тәжірибелі ойыншылардан тек Джесси Лингард пен Люк Шоу және Грант бар. Өзгесі 23 жасқа толмаған жас ойыншылар.

«Астанаға» қарсы матчта он ойыншы «Манчестер Юнайтед» сапындағы алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін. Еуропа лигасының бесінші туры аясындағы матч ертең «Астана-Аренада» кешкі онда басталады.

 

Соңғы жаңалықтар