9 Қазан, 21:48 162 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда. 

– Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, – деді Қазақстан Президенті.

Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар