8 Қазан, 11:49 212 0 Нарық Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанның қай өңірлері етті көп тұтынады?

Елімізде бойдақтар отбасылы адамдарға қарағанда етті екі есе көп жейді. Бұл туралы Еnergyprom агентігі хабарлады. 

Статистикаға сүйенсек, елімізде бойдақтар орта есеппен төрт айда 36 килограмм ет жесе, екі-үш баласы отбасы мүшелері бұдан екі есе аз ет тұтынады. Соңғы кезде тұрғындар арасында ет өнімдерін тұтыну деңгейі төмендеп, жан басына шаққанда 19 келіні құрады.

Ет өнімдері Қарағанды облысында көп пайдаланылады. Орталықтағы тұрғындар биылғы жылдың екінші тоқсанында жан басына шаққанда 23 килограммға жуық ет жеген. Екінші орында Алматы: 22,5 кг, үшінші – Атырау облысы: 22,4 кг. Халық арасында сиыр етіне сұраныс жоғары. Сонымен қатар тұрғындар фарш және қой етін де жиі пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар