Сергей Лавров Сириядағы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Сергей Лавров Сириядағы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Сергей Лавров Сириядағы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Труд» газетіне «Сириядағы соғыс шын мәнінде аяқталғанын» мәлімдеді. «Мемлекет ақырындап қалыпты, бейбіт өмірге оралып келеді. Кейбір қақтығыс ошақтары Сирия үкіметінің бақылауынан тыс аймақтарда ғана сақталып отыр, мәселен Идлиб пен Евфрат өзенінің шығыс жағалауы», – дейді министр. Лавровтың айтуынша, қазіргі таңда Сирияға гуманитарлық көмек көрсету және осы елдегі ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу, дағдарысты реттеу мәселелері күн тәртібінің алғашқы орнына шығып отыр. Министр Ресейдің сириялық тараппен және оппозициялық күштермен тұрақты байланысты үзбеуге үлкен мән беріп отырғанын жеткізді. Еске сала кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыстар 2011 жылдан бері жалғасып келеді. 2015 жылы Башар Асад Ресейге әскери көмек көрсету туралы өтініш жасаған. Сол жылдың 30 қыркүйегінен бастап ресейлік әскери-әуе күштері лаңкестердің инфрақұрылымдарын шабуылдауды бастады. 2017 жылдың соңында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының тізе бүккені жарияланды. Қазіргі таңда Сирияны қайта қалпына келтіру және босқындарды қайтару мәселесі қолға алынуда.