«Алаяқтыққа оқталған» деп жасалған қиянат

  «Алаяқтыққа оқталған» деп жасалған қиянат

  «Алаяқтыққа оқталған» деп жасалған қиянат
ашық дереккөзі
                                                                                                                                        Қазақстан Республикасының                                                                     Президенті

                                                                    Қасым-Жомарт Тоқаевқа          

АШЫҚ ХАТ

                            «Алаяқтыққа оқталған» деп жасалған қиянат                                       Құрметті   Қасым-Жомарт  Кемелұлы!         Қызылорда қалалық сотының 03.10.2013 жылғы үкімімен менің баламды  Боздақов Жолдас Карбозовичті  ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігінің “г” тармағымен АЛАЯҚҚА ОҚТАЛҒАН ДЕП Соттады, бұндай бабпен қылмыстық жауапкершілікке тарту ЗАҢДА көзделмеген,осыған орай  АЛАЯҚҚА ОҚТАЛҒАН деп ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігінің “г” тармағымен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары  жүргізіліп, қылмыстық жауапкершікке  тарту заңсыз болып саналады.         Біріншіден: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 29.06.2017  жылғы  №6 нормативтік қаулысының 21-тармағында, осы адам қылмыс жасау орнында ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да материалдық құндылықтарды АЛУ КЕЗІНДЕ ҰСТАЛҒАН  жағдайда жасалған әрекетті алаяқтыққа оқталу ретінде саралау керек екендігі белгіленген. Ал біздің әрекетімізде мұндай жағдай болған емес. Ақша алған емеспіз, ақшаны ұстаған емеспіз, тіпте ақшаны сұраған емеспіз.          Қызылорда облысының  бұрынғы прокуроры С. Нұрпейсов  қызмет бабын пайдаланып заңда көрсетілген мән-жайларды ысырып қойып, Адамның конституциялық құқығын  бұза отырып, заңда көрсетілмеген бапты теріс пайдалану арқылы, қасақана жазықсыз адамды қамауға алып, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігінің “г” тармағымен, «алаяқтыпен оқталған» деп заңсыз шығарылған айыптау қорытындысына байланысты, сот шешім  шығарған.            Екіншіден:   Менің балам Ж.Боздақовтің міндетін таза атқарып, заңсыздыққа мүлдем  жол бермеген, яғни Ж.Бозақовтың  ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігіні ң “г” тармағында көрсетілген қылмысты жасамағандығын, № 13430003100041 қылмыстық істегі 2013 жылғы  04 шілдедегі № 2786,  2013 жылғы № 01 тамыздағы  №4745 сот-бейнефонографиялык зерттеу  қорытындыларымен  Ж. Боздақовтың дауыс пен сөз үлгілері теңдестірушілік зерттеу жүргізіліп, жарамсыз және тілдік материалдарының аздығынан сәйкестігін анықтауға мүмкін емес» деген сот толық дәлелденіп тұр.         Қылмыстың заңнамада  және ҚР ҚК-нің 177-бабында алаяқтықтың ұғымы нақты көрсетілген алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы АЛУ деп көрсетілген, ал алаяқтық жасауға оқталу мүлдем көрсетілмеген.   Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 *Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі  туралы*Нормативтік қаулысының 19-тармағында Алаяқтық кезіндегі алдау көрінеу болмаған фактілерді болды деп жалған мәлімдеуден не істің мән-жайлары бойынша  меншік иесіне не мүлік иесіне хабарлануға тиісті фактілерді жасырудан көрінуі мүмкін делінген. Алаяқтық қылмыстары міндетті түрде аяқталған болуға тиісті, ал алаяқтыққа оқталу қылмыстық заңнамада мүлдем көрсетілмеген, яғни, менің Ж.Боздақовтің әрекетімді Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында мүлдем көрсетілмеген.         Мұндай заңсыздықты ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Асанов Ж.Қ өзінің жасап жатқан сот реформасы кезінде Қызылорда облысының бұрынғы прокуроры С.Нүрпиесовтің жіберген өрескүл қатесін  Бас прокуратураның орынбасары болып қызмет атқарған кезден бері тәртіпке салудың орнына, Жоғарғы Сот төрағассы қызметіне тағайындалғаннан кейін де менің жазған арызыма байланысты заңсыздық одан ары қарай ұдеп  бір жола ЗАҢСЫЗДЫҚ жалғасты, өткені Асанов менің баламның ісін жақсы біледі Бас прокуратураның Орынбасары кезінде заңды істі дұрыс қарамай тексермей жауып тастаған, міне  ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асановтың РЕФОРМАСЫ осылай жалғасын табуда. Менің баламды АЛАЯҚҚА ОҚТАЛҒАН деп кінаға тартып түрмеге заңсыз қамаған осы Нұрпейсов Сапарбек болатын. Кәзіргі кезде Нұрпейсов Сапарбек Бас прокуратурада  қызмет атқарды(Генерал Майор) . Міне Нұрпейсов Сапарбектің істеген заңсыз әрекетін не себебті әшкерелемей отыр Асанов, не себебті менің арызыма немқұрайлы қарап заңды түрде қарамай , ысырып тастап отыр.  Өткені басқа дәлелді ештеме жоқ,оны Асанов. Ж  жақсы біледі. Керек десеңіз осы іс үшін Президент әкімшілігінің де,Сенаттың да айтқанын қылмай отыр Асанов.Бұл жөнінде Президент әкімшілігіне Сенатқа жазған хаттарым бар.         Жақында мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арыз жазғанмын  Бас прокуратураның 04.02.2019 №2-011203-19-06385  тікілей тапсырмасымен осы қылмыстық істі тексеруге Қызылорда облыстық прокуратурасына тапсырылды. Ал облыстық прокуратура Қызылорда қаласының прокуроры А Бекмухановқа осы істі толық тексеріп шығуды тапсырды. Қызылорда қаласының прокуроры А.Бекмуханов тексеріп Ж. Боздақовты АҚТАУ керек деп арнайы қатынас хат дайындаған.          Бірақ Бас прокуратура осы қалалық прокуратураның тексеру қортындысына аса мән бермей Ж Боздақовты АҚТАУ жөнінде заң талабына сай келіп тұрса да орындамастан отыр. Осы шешімге  байланысты Жоғарғы Сот билігі нақты шешім қабылдауға тиісті деп сенім артамын, алайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Ж. Асанов осы күнгі дейін ешқандай шешім қабылдамастан келеді.     Жоғарғы сот төрағасы Асановтың осы күнге дейін істеп отырған адам айтқысыз заңсыздығын  Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев заңдылыққа келтіреді деп сенеміз.          Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде                                                               СҰРАЙМЫН:        ҚР ҚК-нің 24 -бабының 3 -бөлігі арқылы 177- бабының 3- бөлігінің «г» тармағымен  (1997 ж редакциядағы ) сотталған Боздақов Жолдас Карбозовичті  ҚР ҚПК нің 35 -бабының 1- бөлігінің   2) тармағына сәйкес,оның іс әрекетінде  қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты Қызылорда қалалық сотының 03.10.2013 жылғы үкімінің күшін жойып, Боздақов Жолдасты АҚТАУ  жөнінде қылмыстық істі тоқтатуды. Тіркелді; Қызылорда қаласының прокуратурасының 03.02.2019 №2-10-19-00700 санды хаты.
  1. 05 2019 жыл К Боздақов