Бішкек қаласына –141 жыл

Бішкек қаласына –141 жыл

Бішкек қаласына –141 жыл
ашық дереккөзі
29 сәуірде Бішкек қаласына 141 жыл толады. Қала күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді. Қырғызстан астанасында түрлі мәдени-спорттық шаралар қаланың барлық аудандарында 19 сәуірде басталған. Басты мерекелік концерт дүйсенбі күні "Ала-Тоо" алаңында өтеді. Оған ресейлік әнші Согдиана, өзбекстандық "Ялла" тобы, қырғызстандық "Инсан" тобы, "Элес" тобы, Гүлнар Сатылганова, Мирбек Атабеков және басқа да әншілер қатысады. Мереке алты минуттық отшашумен аяқталады. Бұл күні сағат 16-дан бастап "Ала-Тоо" алаңына жақын жатқан бірнеше көше жабылады.