Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» IPO-ға шығарылады

Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» IPO-ға шығарылады

Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» IPO-ға шығарылады
ашық дереккөзі
2017 жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры 23 нысанды бәсекелестік ортаға бермек. Бұл туралы қордың төрағасы Өмірзақ Шүкеев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді. «Жоспар бойынша, алғашқы тізімдегі 45 нысанның 23-і сатылады», — деді Шүкеев. Оның айтуынша, жыл ортасына дейін 12 нысан IPO-ға шығарылады. Оны сатып алуға әлемдік деңгейдегі ірі компаниялар қатыспақ. «Жыл соңына қарай Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» жекешелендіріледі», — деді қор төрағасы. Үкіметтің өткен отырысында Бақытжан Сағынтаев қаржы министрлігіне жекешелендіру шараларын жеделдетуді тапсырған еді.