Праймериз: ШҚО-ның алты ауданында ашық пікірсайыстар басталды

Праймериз: ШҚО-ның алты ауданында ашық пікірсайыстар басталды

Праймериз: ШҚО-ның алты ауданында ашық пікірсайыстар басталды
ашық дереккөзі
Аумақтық филиалдардың атынан праймеризге қатысушылар пікірсайыс барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылап, өз бағдарламаларын таныстырды. Алтай ауданы бойынша: Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы туристік инфроқұрылымды жақсарту қажеттігін, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі қазақ мектебі орналасқан ғимараттың заман талабына сай емес екендігі сөз етілді.  width= Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және шаңғы спортын дамыту үшін жаттықтырушыларға қосымша жұмыс орнын ашу мәселесін Шемонаиха ауданының праймеризге қатысушы үміткерлері көтерді. Семей, Курчатов, Бесқарағай, Катон-Қарағай аудандарында өткен ашық пікірсайысқа қатысушылар өңірлердің әлеуметтік мәселелерін көтеріп өз ұсыныстарымен бөлісті.