Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды
ашық дереккөзі
Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтетін орын белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.   Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) әлемдік сынды Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылдады. Келесі олимпиадалық циклде нысана көздеу және стенд ату спортының өкілдері бір мезетте сынға түседі.  Әлем чемпионатына 1500-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 70-тен аса жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде 15-і – олимпиадалық дисциплинадан. Олимпиадалық жаттығулар нәтижесі бойынша 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына алғашқы жолдамалар таратылмақ.