Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде нешінші орында?

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде нешінші орында?

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде нешінші орында?
ашық дереккөзі
Қазақстан ПТР диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында, ал індетке шалдыққандар саны жөнінен 43-орында тұр.  Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «Қазақстанда 11 тамыздағы дерек бойынша 100 164 науқас тіркелген. Оның ішінде 25 171 науқас ем алып жатыр. 73 702 пациент немесе 73,6 пайызы емделіп шықты. 1 091 адам қайтыс болды. Вирус репродуктивтілігінің немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткішінің тұрақты түрде төмендеген көріп отырмыз. Ол 2 есеге, яғни 0,82-ге дейін төмендеді», - деді министр. Алексей Цойдың сөзінше, ел тұрғындарын тестілеумен қамту кеңейді. Қазақстан ПТР диагностикамен қамту көрсеткіші бойынша әлемде 37-орында тұр. Науқастарды дер уақытында диагностикалаудың нәтижесінде Covid-19-дан қаза тапқандар көрсеткіші бойынша еліміз 70-орында. «Елде індет статистикасы жаңартылып, тіркелген жағдайлар саны артты. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемде 43-орында тұр. Анықталған науқастардың дер уақытында өзін-өзі оқшаулауы, амбулаториялық және стационарлық емдеумен қамту, сонымен қатар байланыста болған адамдарды бақылауға алу аурудың таралуын тежеуге, жағдайы ауыр науқастарды бақылауға алуға мүмкіндік берді», - деді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, карантин ензігілуінің нәтижесінде ауруханалардың жүктемесі 61 пайызға, жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеген.