8 Тамыз, 09:58 477 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшыға қарулы күштердің әскери және жедел даярлығы, Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар