Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам баспанасыз қалды

Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам баспанасыз қалды

Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам баспанасыз қалды
ашық дереккөзі
Бангладеште бірнеше күн толассыз жауған жауын  тасқынға ұласып, миллиондаған тұрғынның баспанасы су астында қалды.  БАҚ дерегінше, Бангладештің 25 пайызын қызыл су басқан. Аймақтағы өзен мен көлдер арнасынан асып кеткен. Мамандардың айтуынша, Джамуна өзенінің суы қауіпті деңгейге жетті. Апат салдарынан 5 миллионға жуық адам зардап шекті, 135 адам көз жұмды. Тұтас аудандар су астында қалып, ірі автомагистральдар жабылды. Жергілікті тұрғындарды қатты алаңдататыны - ауыл шаруашылығы алқаптарының жарамсыз күйге түсуі.  Барар жер, басар тауы қалмаған жергілікті тұрғындар үкіметтен тиісті көмек көрсетілмегенін айтып шағымдануда. Халықаралық ұйымдардың болжамынша, азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келген өңірге гуманитарлық дағдарыс қаупі төніп тұр.