COVID-19: індеттің тіркелу көрсеткіші 18 пайызға төмендеді

COVID-19: індеттің тіркелу көрсеткіші 18 пайызға төмендеді

COVID-19: індеттің тіркелу көрсеткіші 18 пайызға төмендеді
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайы 18 пайызға төмендегенін айтты. «3 тамызда 93 820 науқас тіркелді, оның 27 597 ем алып жатыр. 55 132 адам емделіп шығып, 1 091 адам қайтыс болды. Толықтай алғанда, республика бойынша өткен аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайдың 18 пайызға төмендегені байқалады. Төрт апталық карантин кезінде келесі нәтижеге қол жеткізілді: төсек-орын саны 56 пайызға босады. Оның ішінде реанимациялық төсек-орындар 36 пайызға қысқарды. Жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру, оның ішінде коронавирусқа байланысты шақыртулар 40 пайызға азайды», – деді ол. Министрдің айтуынша, вирустың репродуктивтік көрсеткіші 24 пайызға, яғни, 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді. «Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілді. Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродуктивтік көрсеткіші 1,2 пайыз болған еді. Карантин енгізілген соң 2 аптадан кейін репродуктивтік көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеу үрдісін байқап отырмыз», – деді Алексей Цой. Оның дерегінше, 23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктік көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл көрсеткіш 4 тамызда 0,89-ға дейін қысқарған. «Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бұл көрсеткіштің бір пайыздан төмен болғаны маңызды. 4 тамызда репродуктивтік көрсеткіш Ақмола мен Қарағанды облыстарынан басқа барлық өңірде 1 пайыздан аспады», – деді ол.