3 Тамыз, 17:29 469 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

Нұротандықтар Павлодар ауруханаларына 330 оттегі концентраторын тапсырды

«Жаңа Павлодар» Қоғамдық Қоры жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын көлемі 5 литр 300 оттегі концентратын сатып алды. Қорда ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің, «Nur Otan» партиясы мүшелерінің, ҮЕҰ өкілдерінің қаражаты жинақталады. Медициналық аппараттар Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына жеткізіліп, Павлодар облысының 16 медициналық мекемесіне таратылды.

«Жаңа Павлодар» қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңес құрылды, оған депутаттар, қоғам және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кіреді. Қамқоршылық кеңестің жетекшісі болып «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко тағайындалды. Көмекті жөңелту кезінде қамқоршылық кеңес мүшелері бірден қалалық және аудандық ауруханалардың өкілдеріне аппараттарды тапсырды.

- Қамқоршылық кеңес арқылы қысқа мерзімде жеткізілген жабдықтарды сатып алу келісімі өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлығы ашық болуы үшін аппараттарға «тегін» мөртаңбаларын қойды. Қордың басты мақсаты -ауырғандардың санын азайту және сауығып кетушілер санын арттыру, - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Өз кезегінде медициналық мекемелердің өкілдері өңір кәсіпкерлеріне көрсеткен көмек үшін алғыстарын білдірді.

- Бүгін біздің аудандық аурухана «Жаңа Павлодар» қорынан 5 оттегі концентратын алды. Пандемияның барлық кезеңінде Май ауданында 73 адам пневмониямен ауырды, 53 пациент ауруханадан жазылып шықты. Кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымды білдіремін, - деді Май аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Р.Хусаинова.

Соңғы жаңалықтар