16 Шілде, 20:15 683 0 Жаңалықтар Арайлым Бимендиева

Намаздыгер шағындағы Елорда. Арқар көпірі

Елордамыздың көрікті жерлерінің бірі – Сарайшық көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін Арқар көпірі. Көпір 8 автожолақтан және екі жақтан жаяу жүргіншілер жолынан тұрады. Оның жалпы ұзындығы 892,1 метр. Осы қашықтықты жаяу жүріп өту үшін TÚRKISTAN халықаралық газетінің тілшісіне 3 сағат қажет болды.

Арқар көпіріне өту үшін Қонаев көшесінен Мәңгілік ел көшесіне бұрылып өттім.

Елорданың көшелерін су басып қалатынын әлеуметтік желілерден де көрген боларсыз. Көпірдің астын да су басып қалады, оны тартып шығару үшін жұмысшылар демалыс күні демей қызмет етіп жатыр.

 

Серуендеп жүргендер

Тас жарған өсімдік

Енді көпірдің оң жағалауын аралап көрейік.

Еліміздің бас шаһарының тұрғындары суретке түсіруді және суретке тусуді ынтамен құптайды.

 

Осылайша Елордамыздағы намаздыгер шағы аяқталуға таяған кезде көпірдің үстінде қымылдамай тұрған бойжеткенді байқап қалдым.

Объективке оның мұңға толы жүзі түсті.

Turkistan халықаралық газетінің тілшісі Нұржан Тұрғымбай

Соңғы жаңалықтар