«Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

«Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

«Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын «1500 орынға арналған орта мектептің құрылысы» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу үшін 1 млн теңге сомасында пара алды және берді деген күдікпен Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы және ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. РМК басшысы ұсталды және Талдықорған қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалған», – делінген Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан хабарламасында. Қазір Тергеп-тексеру жалғасуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесінде ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.