Шымкентте 6,3 мың адам пневмонияға шалдыққан

Шымкентте 6,3 мың адам пневмонияға шалдыққан

Шымкентте 6,3 мың адам пневмонияға шалдыққан
ашық дереккөзі
Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 3 596 адамға жетіп, 2097 адам еделіп шыққан. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткізген брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімінің сөзінше, 7 шілдедегі жағдай бойынша, өңірде қауіпті індеттен 18 адам қайтыс болған. Қалалық жұқпалы ауруханалардағы төсек-орны 160-тан 650-ге жеткізілді. Ал, провизорлық стационарлардағы орын саны 3010 болып отыр. Қалада сондай-ақ, пневмониямен тіркелген науқастар саны да өскен. Күні бүгінге дейін 6340 науқас сырқаттанған болса, оның ішінде 6060 адам (95,6 %) ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында 3639 адам (60 %) емделіп шыққан. ЖРВИ-мен 11 891 адам ауырып, 535 адам (4,5 %) ауруханаға жатқызылған. «Жедел жәрдем қызметіне 1 маусымнан 6 шілдеге дейін шақыртулар саны екі есеге өсіп, 59 925 жеткен. Call-орталығы (109, 1430) іске қосылды. Коронавируске арналған төсек-орындар 300-ден 650-ге көбейді. 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар ашылды. Ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек орны дайындалып, бүгінде 95 пайызға толған. Алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында қосымша 628 төсек-орны ашылып, жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында 360 төсек-орын ұйымдастырылды. Жергілікті өндірушілер 5 миллионнан астам көп қолданылатын маска мен 100 тонна дезинфекциялық зат, 170 мың флакон және 192 мың литр спрей шығарды»,- деді Мұрат Әйтенов. Шаһар басшысының айтуынша, қалада 56 мобильді топ құрылған. Бұл топ мүшелері 10 341 науқасқа қызмет көрсетіп, 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылған. «Қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекеме мен 560 дәріхана жұмыс атқарады. Бағаны бақылау мен алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4 мониторингтік топ құрылды. Емдеу орындарында 323 жасанды тыныс алу (ИВЛ) аппараты бар. 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда. Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 адамның еңбек ақыларына 780 млн теңге үстемеақы төленді. Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастармен тығыз байланыстағы 336 қызметкерінің қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды», - деді Мұрат Әйтенов.