1 Шілде, 09:47 207 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Өзбекстанда карантин күшейтілді

Коронавирустың өршуіне байланысты бүгіннен, 1 шілдеден бастап Өзбекстанда карантин күшейтілді.

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, республикалық арнайы комиссияның шешімі бойынша  республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады.

Сондай-ақ, «қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көпқабатты үйлердің алдына жиналуға тыйым салынады. Десе де, 30 адамнан аспайтын салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып үйде өткізуге рұқсат етілген.

Аталған санаттағы өңірлерде  аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына біршама шектеу қойылады.

Соңғы дерек бойынша Өзбекстанда 8,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 26 науқас көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар