27 Маусым, 15:27 275 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Оқырман талданған ақпаратқа көбірек жүгінуге талпынады

information touch
information touch

Қазір ақпарат дәуірі. Адамдар шағын смартфондары арқылы ғана барлық ақпаратқа дер шағында қол жеткізіп отыр. Ақпараттың көптігінен аудитория өзіне қажетті өнімді талғап пайдалануға, сұрыпталған, талданған ақпаратқа көбірек жүгінуге талпынады.

Қазақстанда  қаржы, экономика және бизнес саласында («Деловой Казахстан», «Капитал», «Forbes Kazakhstan», «Atameken Business», «Эксперт Казахстан» және т.б.) аналитикалық өнімнің бар болуына қарамастан басқа салада, соның ішінде саясат, әлеуметтік даму, мәдениет сияқты тақырыпта аналитикалық жұмыстар жоқтың қасы.

Қазіргі таңда әлем бойынша The Economist, Wall Street Journal, NYTimes және басқа да көптеген әлемдік ақпарат құралдары үшін терең зерттелген аналитикалық материалды жариялау негізгі қызметі болып саналады. Бұл басылымдарда аналитикалық материалдар бәсекеге қабілетті өнім түріне жатады.  

Бір ескеретін мәселе, бұл ақпарат құралдарының тұрақты оқырмандары қатардағы қарапайым оқырман емес. Олар аналитикалық материалдардың ақысын төлеп,тұрақты тұтынатын оқырмандар.

Аналитикалық материалдардың көбісі қандай да бір оқиға болған жағдайға немесе жақын арада болатын оқиғаға байланысты болжам жасап, түсіндірме береді. Біріншіден алдын ала болжам құрылса, содан кейін алғашқысына кереғар альтернативті болжам жасалады. Автор мұндай тәсіл арқылы өзінің алғашқы болжамын дәлелдей отырып, оған қарсы дәйектер табады. Осындай амаларқылы қолданылған аргументтердің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға болады.  

Аналитикалық мақаланың маңызды бір бөлігі келтірілген аргументтер болыпсаналады. Аналитикалық мақалада айтылғанкез-келген маңызды мәселеге қатысты пікірталас, дебаттар ұйымдастырылады. Сондықтан да автор аталмыш мәселеге қатысты бірқатар сарапшылардың пікірін қосабереді. Пікірлердің негізігі өзегіне мәселеге байланысты дау туғызған ойлар да қосылады.

Маңызды сұрақтар анықталған соң журналист алдағы пікір-таластың логикасын қарастырады. Нақты және аргументтері көрсетілген «тезистер» мен «антитезистер» есепке алынады. Сонымен қатар, белгілі бір қортындыға келетін ғылыми әдістеме негізінде өзіндік бағалау беріледі. Сондай-ақ, аталмыш мәселе бойыша ұқсас мақалалармен салыстырылып, ерекшеліктердің неліктен нақты екендігі түсіндіріледі.

Шетелдік басылымдардағы аналитикалық мақалалар көп жағдайда индукция мен дедукцияға, негізгі зерттеу байланыстарына, синтез, анализ, жүйелілік, классификация,типологияны қосатын жалпығылымдық процестерге негізделген. Анализдің стратегиясы кейбір оқиғалардың жалпы заңдылықтарын анықтау болып саналады. Кейін бұл арнайы бір белгілер мен критерийлер бойынша топтастырылады.

Жалпы алғанда журналистикада библиография пайдаланылмайды. Алайда, аналитикалық жұмыс барысында мұндай деректерді де пайдаланады. Сол арқылы оқырман ақпараттардың қайдан келгенін және автордың мұндай тұжырымды қалай жасағанын көреді. Сол себепті, анонимді дереккөздер мен белгісіз адамныңкуәландыруымен сілтемелер берілмейді. The Economist статистикалық мәліметтерді графика түрінде жариялайды. Графикаларда дереккөздер, және оның жарияланған күні көрсетіледі.

Егер ақпараттық жаңалықтарда оқиғалар жалқыдан жалпыға қарай өрбитін болса, аналитикалық мақалада барлығы керісінше – жалпыдан жалқыға қарай түзіледі. Мақала авторы глобалды деңгейдегі фактілерді қозғап, оларды ғылыми дәлелденген нәтижелерге дейін көтеріп сараптайды. Жалпы белгіленген стильмен қатар мақала авторы өзіндік контентік өңдеуді де пайдаланады. Мысалы, мақала мәтіні болған оқиғаға байланысты нақты әлеуметтік портретке бағытталады. Сонымен қатар, оқырманның жас мөлшеріне қарай түсінікті мысалдар, цитаталар мен фактілер пайдаланылады.

Аналитикалық журналистика – БАҚ-тыңкез-келген саласында қолданылатын, жұртшылыққа саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірді түсіндіру үшін жасалатын өзіндік сфера.

Сонымен қатар, аналитикалық журналистиканың мақалалары апталық басылымдарда немесе интернет БАҚ-тың авторлық аналитикалық бағандарында, яғни басылым жиілігі аз БАҚ-та жарияланады. Сондай-ақ, апталық ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да аналитикалық журналистиканың элементтерінен тұруы мүмкін.

Қазіргі таңда қазақстандықтар арасында аналитикалық журналистикаға деген сұраныстың арта бастауы біріншіден, баспа басылымдары мен интернет-БАҚ үшін үлкен мүмкіндік. Аналитикалық журналистиканың дамуы БАҚ-тағы кадрлық саясатта, өзіндіккөзқарасы бар білікті журналистердің іріктеліп алынуына тікелей байланысты.

Сапалы зерттеу жүргізілуі үшін зерттеуші-журналистерге әдістемелік оқыту мен техникалық мүмкіндікпен қамтамасыз ету аса маңызды болып саналады.

Б.Балықбай

Соңғы жаңалықтар