Астанада 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылмақ

Астанада 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылмақ

Астанада 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылмақ
ашық дереккөзі
Жақында Астанада 105 млрд теңгенің тауарын өндіріп, 20 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуға бағытталған меморандаумға қол қойылды. Үшжақты меморандум - қала әкімдігі, елордалық кәсіпорындар мен кәсіподақтар арасында жасалды.Кеңеске вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.Алдымен, қалалық әкімдік пен ұлттық компаниялар арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Астанадағы 7 кәсіпорын басшылары жұмыс орындарын сақтауға, нәтижелі әрекеттесуге және өндірістік процестерді тұрақтандыруға бағытталған үш жақты меморандумдарға қол қойды. Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырма бойынша 7 бағытта жүзеге асатын инфрақұрылымдық жобалар дер кезінде тапсырылса әрі қаржы тиімді жұмсалса, елде кем дегенде 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын да атап өтті.Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков - Индустрияландыру картасы аясында Астанада биыл 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылатынын хабарлады. Қала басшысы сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елордада 8 мың жұмыс орнын сақтап, оған қоса 4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғанын айтты.Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:«2014 жылы қалада 19 мың жұмыс орны ашылды. Олардың 13 мыңы шағын және орта бизнеске тиесілі. Ал, 2015 жылы 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылмақ. Соның нәтижесінде Астанада 2 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады»,-деді өз кезегінде.Қол қойылған меморандум бойынша 105 млрд теңгенің тауарын өндіріп, 20 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуға бағытталған.Әлемде орын алған экономикалық теңсіздікке дес бермейтін ел Астанасының серпінді жобалары жоспардан ауытқымайды деп сендірді қала басшысы.