21 Мамыр 2020, 18:42 911 0 Мәдениет Анар ЛЕПЕСОВА

Туған күніне тарту: Димаштың құрметіне Қытайда 3 мың ағаш отырғызылды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның туған күніне орай 3 мыңға жуық көшет отырғызды. Бұл туралы әншінің фан-клубы Instagram желісінде хабарлады. 

«Димаштың 26 жасына арнайы сыйлық. Dears (фан-клуб) Димаштың атынан Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл далаға 2780 түп ағаш отырғызылды. Бұл құм дауылын тоқтатуға, жел ықпалын азайтуға және қоршаған ортаны жақсартуға көмектеседі. Қоғамның жақсаруы барлық заманда маңызды. Біз Димаштың сүйіспеншілігі мен мейірімін үнемі есте сақтаймыз. Сондықтан осындай жүрек Жер шарын жақсартатынына үміттенеміз», - деп жазылған жанкүйерлер парақшасында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

 

Соңғы жаңалықтар