5 Сәуір, 09:31 304 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Блокбекетті қиратқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Алматы облысында блокпост қоршауын соққан мас жүргізуші жазаланды. 

Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында анықталғандай, азамат А. 2020 жылдың 2 сәуірінде «Toyota Ipsum» маркалы автокөлікті алколгольдік масаң күйде басқарған. Ол Жаңағасыр көшесімен солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан төтенше жағдайға байланысты қойылған №4 карантин блокпост қоршауын қаққан. Сонымен қатар екі автокөлікке соқтығысқан. Көлік жүргізушісі А. сотта өз кінәсін толықтай мойындады.

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Кодексінің 608 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған әкімшілік жазасы баламасыз болып табылады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар