30 Наурыз, 10:27 28217 0 Денсаулық Асыл ТҰМАР

Коронавирустан емделіп шыққан әйелдің кеңесі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді, – деп жазды ҚазАқпарат.

АҚШ-та 140 мың адам инфекция жұқтырды. Нью-Йорктің науқастарға толы ауруханалары тұрғындардың барлығын орналастыра алмай жатыр. Көптеген адамдар дәрігерлердің нұсқауымен үйде оқшауланып аталмын індетпен күресіп жатыр.

Солардың бірі – Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ. Ол ерекше ауру белгілері болмағандықтан, COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған.

Жас келіншек «Хабар-24» телеарнасының эфирінде біздің еліміздің азаматтарына өз кеңесін айтты. «Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйден шықпаңыздар және үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Белгілі болғандай, көптеген адамдар жазылып келе жатыр», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар