24 Наурыз 2020, 14:30 548 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирус: мониторинг жүйесі іске қосылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайға мониторинг жүргізіп отыратын қызметті іске қосты, деп жазды coronavirus2020.kz.

Азаматтар www.egov.kz порталында орналастырылған интерактивті картадан вирус жұқтырғандар саны және олармен байланыста болған азаматтарды тіркеу, азамат үйде немесе стационарлық карантинде болуы мүмкін қауіпті аймақтар туралы ақпаратпен таныса алады.

Сондай-ақ, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайлары бойынша өзекті ақпарат жарияланады. Бұл сервис коронавирус індетімен күресіп жатқан өзге елдердің (Қытай, Сингапур, Корея, Израиль) үлгісінде жасалды және халықтың жауапкершілігін арттыруға, гигиена шараларын күшейтуге, карантин режимін сақтауға бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу үшін азаматтарға қала ішінде жүріп-тұруды шектеуді және карантин кезінде үйде отыруды ұсынады.

Картада орналастырылған барлық деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен нақты уақыт режимінде алынады.

Жақын арада осындай сервистің eGovMobile мобильдік қосымшасында пайда болады. Сондай-ақ, eGov порталында интерактивті картамен бірге коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақ-жауап базасы орналасқан.

Соңғы жаңалықтар