Ауылшаруашылығы экспорты ұлғайды
Ауылшаруашылығы экспорты ұлғайды
2019 жылдың 9 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 157,3 млн АҚШ долларын құраған. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Иран, және Бахрейн елдеріне ірі қара және уақ мал еттері экспортталған. Сонымен қатар, Ресей, Белоруссияға 304,3 мың тонна қарбыз бен қауын жеткізілген. Сондай-ақ, мақта талшығының экспорты жыл сайын артуда. Биыл 264,0 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау күтілуде. Соңғы көрсеткіштер бойынша өңірдегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемі, ірі қара мен ұсақ мал басының үлесі секілді даму индикаторлары артқан. Бұл бағытта Түркістан облысы ауыл шаруашылығы негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі жағынан да республика бойынша алғашқы орында.