ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – КӨШ БАСЫНДА
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – КӨШ БАСЫНДА
Times Higher Education рейтингісінің ерекшелігі бағалау критерийлерінің 65 пайызы университеттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарына беріледі. Рейтингті әзірлеу кезінде толық және теңдестірілген салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында 5 бағытқа топтастырылған. Олар білім беру ортасы, зерттеулер көлемі мен пайдасы, дәйексөз алу, халықаралық қатынас және өнеркәсіптік қызмет кірісі. Сонымен қатар тиімділіктің 13 көрсеткіші қолданылды. Осы жылғы рейтингке отандық жоғары оқу орындарының енуі – бұл Қазақстан ЖОО-дарының халықаралық тәжірибе мен үздік дағдыларды игергендігін дәлелдейді. Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS World University Ranking рейтингтік агенттігінің нұсқасы бойынша 220 орын иеленді және де QS Employability түлектердің жұмысқа орналастырылуын бағалау рейтингісі бойынша 251-орында тұр.