Жаңалықтар

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді

GGG кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуіннен айырылып, сұхбат бермей рингтен шығып кетті. Орта салмақтағы экс-чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен матч-реванштағы жеңілісі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Олар бір жыл бұрын кездесіп, қарымта тең есеппен аяқталған болатын. Екінші жекпе-жек те 12 раундқа созылып, ұпай айырмасымен Альварес жеңді. Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. «Мен жекпе-жекте кім жеңгенін айтпаймын, өйткені төрешілер шешімімен «Канело» ұтты. Жанкүйерлер үшін жақсы жекпе-жек өтті деп ойлаймын. Мен одан жақсы төбелесемін деп ойладым», - деді Головкин.