ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВҚА АРНАЛҒАН ТУРНИР
ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВҚА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Шахмат турнирін «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Ләззат Ноғайбаева құттықтау сөз сөйлеп ашып, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Есенғали Раушанов, жазушының жары Есімкүл Болысбайқызы Тәкен Әлімқұловтың өнегелі ғұмыры мен шығармашылық шеберлігі жайында естеліктер айтты. Қызықты да тартысты өткен шахмат сайысының қорытындысы бойынша Нұрлан Құмар бірінші орын алса, жүлделі екінші, үшінші орындарға Зейнел Жекейұлы мен Тілек Абдрахымов ие болды. Ойынның ынталандыру сыйлықтары Данияр Сейсенбаев, Ғабит Қарабаев және ардагер қатысушы Тәжібай Жақаевқа берілді. Сондай-ақ, Наурызбай ауданы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ернар Айдаров турнирде белсенділік танытқан жас журналистерді алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, «Қазақ газеттері» ЖШС тарапынан төреші Дәулет Иманберлиновке, турнирді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін жазушы Бейбіт Сарыбайға және Т.Әлімқұловтың зайыбы Есімкүл Болысбайқызына алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.