Жаңалықтар

Үндістанда топан судан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

Үндістанда топан судан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

Үндістанның Керала штатында су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 37-ге жетті. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сел жүрген аудандардан 15 мыңнан  астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген, деп хабарлайды Хабар 24.

Штатта жедел көмек көрсету үшін барлығы 500-ден аса лагерь ашылды. Төтенше жағдайлар бойынша эвакуациялық операцияны елдің теңіз және әуе әскери күштері, жағалау күзеті жүргізіп жатыр.