БАЛАМАСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМА
БАЛАМАСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМА
Ақпараттық қоғамда әлемнің ірі компаниялары дәл осындай жаңа бағдарламаға тәуелді. Криптографиялық алгоритмді құрастырған 18 жасар Тимур Рысбеков Алматы қаласының тұрғыны. Әріптесі Влад Волонский екеуі бағдарламаға жүктелген 5 файлдың бірін кімде-кім бұзса, 5 мың АҚШ долларын сыйақы ретінде табыстаймыз деп отыр. ТМД-ның алдыңғы қатарлы IT саласының мамандары да бұл бағдарламаның осал тұсын таба алмапты. Әйгілі Гугл компаниясының алдын орап кеткен қазақстандықтардың бұл жобасына Канаданың әскерилері мен Америка Құрама Штатынан да қызығушылық танытып отырғандар бар көрінеді. Өнертапқыштар қазіргі таңда аустралиялық тау-кен өндірісімен айналысатын компаниямен келісім жүргізуде. Тіпті, болашақта ел кәсіпкерлері қызығушылық танытып қаржы құймаса, жоба шетелдік компанияға сатылуы мүмкін.