Таныта білу де тылсым өнер
Таныта білу де тылсым өнер
Еліміздің туристік саласын өркендету амалдары Үкімет қабылдаған 2023 жылға дейінгі арнайы тұжырымдамада көрсетілген. Құжатта жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті, инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, маркетингті дамыту, сондай-ақ, экономиканың басқа да секторларымен бірлесе жұмыс істеу, бай тарихи-мәдени мұра құру қарастырылған. Әсіресе, бірнеше туристік жобаны жүзеге асыруға ден қойылады. Олар Бурабай, Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алакөл, Шарын шатқалы, Каспий теңізіндегі демалысты дамытуға қатысты. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі 2 кезеңге бөлінген. Алғашқысы 2017-2019 жылдарды қамтиды. Ал екіншісі 2020-2023 жылдарға арналған. ˗ Бес жылдан кейін елімізге келетін шетелдік туристер саны 8 миллионға жуықтайды», – деп мәлімдеді Қазақ туризм компаниясы төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов. Оның айтуынша, ішкі туризм де қарқынды дамып келеді. Тек биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 20 пайызға артқан.