Алакөл – Жетісудың маржаны
Алакөл – Жетісудың маржаны
Жетісудың маржаны саналатын айдынға жыл басынан бері 300 мыңнан астам демалушылар келіп-кеткен. Алматы мен Астанадан қатынайтын әуе бағыттарын пайдаланушылар қарасы қарақұрым. Мыңнан астам саяхаттаушы әуе жолын таңдап, теміржолмен 15 мың жолаушы тасымалданды. Меймандардың алаңсыз тынығуына қажетті жаңа вокзал, аурухана салынып, инфрақұрылым толық тартылған. Жылына шамамен 20 шақты туристік нысандар ашылады. Таяу Ресейден келген туристер Алакөлді Байкалмен салыстырып, Алакөлдің артықшылығын айта келе, оның суы жылы, қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдасы зор, тіпті, жер бетінде Алакөлдей пайдалы су айдыны жоқ деген пікірлер білдірді. Таяу арада Көктұма және Ақши ауылдарының тұсындағы көлдің 12 шақырымдық бөгетін нығайту жұмыстары басталады. Оған мемлекет қоржынынан 2 миллиард теңге қаражат жұмсалмақ.