Назарбаев пен Путин қашан кездесетіні белгілі болды
Назарбаев пен Путин қашан кездесетіні белгілі болды
Мемлекеттік хатшы қазіргі кезеңде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзара сенім мен түсіністікке негізделген тату көршіліктің жарқын үлгісі екендігін атап өтті. «Өзіңіз де білетіндей, өткен жылы дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өттік. Бірқатар шара ұйымдастырылды. Елдеріміз арасында тығыз өзара қарым-қатынас орнаған. Мемлекет басшыларымыз да тығыз байланыста. Мамыр айында Мемлекет басшыларының кездесуі болады деп күтілуде. Мұнан бөлек те бірқатар телефон арқылы әңгімелесулер болып, онда маңызды мәселелер талқыланды», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова. Сонымен қатар ол елдеріміздің арасында қарқынды саяси диалог өрбіп, тығыз экономикалық байланыс орнатылғана баса назар аударды. Мәдени-гуманитарлық, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық зор мазмұнға ие болғандығын еске салып өтті. Мұнан бөлек биыл еліміз Тәуелсіз Қазақстанның символы - Астананың 20 жылдығын атап өтетіндігін айтты. «Ағымдағы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы және оған Ресейден әріптестерімізді күтеміз. Бірқатар бірілескен ірі жоба Мәскеу, Санкт-Петербург және Астана қалаларында ұйымдастырылды»,- деді Мемлекеттік хатшы. Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы стратегиялық серіктес және одақтас ретіндегі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолында Қазақстандағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинге зор табыс тіледі.