Израиль Сирияның әуе қорғанысын бомбалады
Израиль Сирияның әуе қорғанысын бомбалады
Мұның алдында Израиль әуе күштері Сирия жеріндегі "Иранға тиесілі" деген аумақты бомбалаған еді. Бұл әрекет Сирия аумағынан ұшырылып ұсталған Иран дронына жауап соққы ретінде хабарланған. Израиль өздері атқан нысандарда "дрондарды басқару жүйесі" орналасқан деп есептейді. Осы әуе соққысы кезінде Сирия әуе қорғанысы жүйесінен Израиль ұшақтарын атқылаған болатын. Сонда атып түсірілген жойғыш ұшақтардың бірі Израиль солтүстігіне құлап, ұшқыш катапульт жүйесін іске қосып аман қалған қалған. Дегенмен ол жараланып соңынан госпиталға жеткізілген. Израиль 2006 жылғы Иран қолдайтын "Хезболла" тобы Ливан аспанында атып түсірген тікұшақтан кейін осы жойғыш ұшағынан айрылып отыр. Сонда "Хезболла" оғынан экипаждың бес мүшесі қаза тапқан болатын. Жойғыш ұшаққа қатысты соңғы оқиға туралы Сирия жағы әзірге әрқандай бір мәлімдеме жасамады.