Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды
25 желтоқсанда таңертең және күндіз, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады деп болжанады. 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с болады. Тараз қаласында 25-27 желтоқсанда қатты жел соғып, күші 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауған жаңбыр қарға ұласып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с болуы ықтимал. 25-26 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, 25 желтоқсанда екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жетуі мүмкін. 26-27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қалың қар түсіп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 25 желтоқсанда күндіз, 26-27 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрден асуы ықтимал.