Жаңалықтар

Биыл Қазақстанға келген саяхатшылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл Қазақстанға келген саяхатшылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Отандық туризм қанатын кеңге жайып келеді. Осы жылдың 9 айында елімізге келген шетелдік туристердің саны 5,8 миллион адамды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы finprom.kz сайты.

Мәлім етілгендей, соңғы 5 жылда елге саяхаттап келген туристер саны 5 миллион адамнан аспаған.  Өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны биыл 18,1% өскен.

Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың да отандық туризмге деген қызығушылығы артып келеді. Азаматтардың көп бөлігі шетелде емес, еліміз ішіндегі демалысты таңдауда. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 4,4 миллион адамға жеткен, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 25% көп. Сыртқы туризммен қатар ішкі туризм де 2010 жылдан бергі көрсеткіштің ең жоғары деңгейіне жетті.

Бұдан бөлек, биыл қаңтар-қыркүйек аралығында түрлі деңгейдегі қонақүйлерде 3,9 миллион бөлме жалға алынды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандан  23,7% жоғары.

Нөмірлердің ең көп бөлігі қымбат және бес «жұлдызды» қонақүйлерде берілген. Шұғыл деректер бойынша, биыл бес «жұлдызды» қонаүйлерде нөмірлердің 50,5% туристермен толыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылы 40,5%-ды құрады.