Қоғам

Атырау облысында 345 шақырым бөгет салынды

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды

Бірнеше жүз шақырымдық бөгет Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында салынды, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізіп жатыр. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр.