Қоғам

Теміртау маңында жол апатынан екі бала мерт болды

Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға және белгіленген жылдамдықты бұзбауға шақырады

Теміртау қаласына жақын жерде екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі бала қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға сағат 17:56-да болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында, Теміртау қаласына жақын жерде Toyota Camry және Chevrolet Nexia маркалы екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға және белгіленген жылдамдықты бұзбауға шақырады.