Жаңалықтар

Нүкенованың ағасы марқұмның есімін пайдаланып, алаяқтар ақша жинап жатқанын айтты

Айтбек Амангелді көпшілікті белгісіз адамдарға ақша аударудан сақ болуға шақырды.

Белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, желіде ақша жинаған. Бұл жайлы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында ескертті,деп хабаралады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар марқұмның ағасы ішкі істер министрлігін белгілеп, алаяқтарды ұстауды сұрады. 

Сондай-ақ Айтбек марқұм қарындасының суретін емге ақша жинау үшін пайдаланып жүргендер барын да айтты. 

Айтбек Амангелді өз жазбасында көпшілікті белгісіз адамдарға ақша аударудан сақ болуға шақырды.