Жаңалықтар

«AMANAT»: Музыка индустриясының мәселелері талқыланды

Алдағы уақытта креативті индустрия саласына 4,5 млрд тг көлемінде қаражат бөлінбек

 «AMANAT» партиясының орталық апаратында Партия  жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес отырысының кезекті жиыны өтті. Аталған кездесуде еліміздегі креативті индустрия, әсіресе, музыка индустриясындағы өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыға салынды.

Мәжіліс депутаты, кеңес төрағасы Нартай Аралбайұлы музыка индустриясына қатысты біршама сыни пікірді ортаға салып, қазақстандық әншілердің фонограммамен ән айтуына қатаң тыйым салынатынын айтып жеткізді. Аталған мәселе бойынша бүгінде Мәжіліс қабырғасында арнайы заң әзірленіп жатса керек.

Кездесу барысында отандық креативті индустрия саласына 4,5 млрд тг көлемінде қаражат бөлінетіні белгілі болды. Ол қаражаттың 15%-ы республикалық бюжеттен бөлінсе, ал қалған бөлігі «Сәтті жұлдыз» лотореясынан алынбақ. 

Алдағы уақытта облыс орталықтарында арнайы орталықтар ашылып, онда креативті индустрияны қолдау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілмек.