Жаңалықтар

Су тасқыны: Ақмола облысында 1 054 адамға біржолғы төлем жасалды

Сондай-ақ 74 отбасыға жөндеу жұмыстарының шығындары өтелді.

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен 1054 адамға біржолғы төлемдер жасалды. Сонымен бірге 74 отбасына жөндеу жұмыстарының шығындары өтелді.

Өңірде су тасқынының кезеңі аяқталып келеді. Өзендердегі судың деңгейі біртіндеп төмендеп, елді мекендерді су басу қаупі сейілген. Ал су басқана екі әлеуметтік нысанда (Атбасардағы мектеп және Көкшетаудағы балабақша) толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы, сондай-ақ, волонтерлар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

Облыс басшысы атап өткендей, биылғы көктемдегі су тасқынынан қорытынды шығарып, келер жылы мұндайға жол бермеу үшін барлық шаралар қолға алынатын болады. Оның ішінде, ең алдымен Қылшақты және Жабай өзендерінің түбін тереңдетіп, арнасын тазарту жоспарланған.