Саясат

«QazaqGaz» бен «ҚазТрансГаз Аймақ» заңсыз ақша жинауды тоқтатар емес – депутат

Жоғарғы Сот шешімі шықса да, Қазақстанның өзге өңірлерінде заңсыздық жалғасуда, бірыңғай тәртіп жоқ, зардабын қарапайым халық пен кәсіпкерлер көріп отыр.

Мәжіліс депуаты Темір Қырықбаев «QazaqGaz» және «ҚазТрансГаз Аймақтың» тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын бұзып отырғанын айтып, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының  тұрғындарына табиғи газ қосудағы заңсыздықтарға қатысты болған.

Ал, бұл жағдайға байланысты «Бірлік газ» Қауымдастығының шағымы негізінде Жоғарғы Сот шешімі арқылы газға қосу тәртібін реттеуге (пуск-подключения) қол жеткізілді, яғни, Заңға сай тегін жүзеге асыруда. Яғни, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарт формасы қолданыстағы заңға сәйкестендірілді.

Тек Түркістан облысы бойынша қысқа ғана мерзімге есептелген заңсыз алынған сома 125 млн теңге. Ал, Заң талаптарына сай соңғы 3 жылды есептегеннің өзінде миллиардттаған заңсыз алынған қаржы қайтарылуға жатады. Ал, аталған Заңның 26-бабына сай монополия субъектілеріне қосымша талап белгілеуге тыйым салынған. Бірақ, Жоғарғы Сот шешімі шықса да, Қазақстанның өзге өңірлерінде заңсыздық жалғасуда, бірыңғай тәртіп жоқ, зардабын қарапайым халық пен кәсіпкерлер көріп отыр.