Саясат

Ермұрат Бәпи: «Ескі Қазақстан» өкілдері қоғамдық пікір лидерлерін сатып алып жатыр

"Елдегі апатты жағдайды пайдаланып, «ескі Қазақстанның» өзеуреген өкілдері ақпараттық майданның отына май құя бастады", - деді депутат.

Депутат Ермұрат Бәпи Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, ел Үкіметіне, Бас прокуратураға ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жасап, елдің бірлігіне сына қағатын, арандатушылық сипаты бар, заңға қайшы, негізі жоқ фейк ақпараттарды таратудың алдын алу шараларын қолға алуды ұсынды.