Жаңалықтар

Су тасқыны: Қазақстандық әртістер жиналған 22 млн теңгені қайда жұмсағанын айтты

Әнші Роза Әлқожаның сөзінше, әртістер 22 млн теңгені тасқыннан зардап шеккендерге жылжымалы үй салуға жаратылған.

Танымал шоу-бизнес өкілдері елдегі төтенше жағдайға байланысты қаражат жинап, қиын жағдайда қалған қазақстандықтарға көмектесуге ниет білдірген болатын. Қазір өнер иелері жиналған 22 млн теңге қайда жұмсалғанын айтып, есеп берді.

Әнші Роза Әлқожаның сөзінше, 22 млн теңгені тасқыннан зардап шеккендерге жылжымалы үй салуға жаратылған.

Роза Әлқожа бүгінде жылжымалы үйлер салынып жатқанын алға тартып, дайын болғанда тез арада су басқан аймақтарға жіберілетінін айтты.