Экономика

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Ұлттық Банк Базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде қалдырды.

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырған. Алайда, ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.